Қоғамдық денсаулық сақтау саласы халық денсаулығының жақсаруына әсер етеді

0 11

Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы директорының орынбасары Жәмилә Баттақова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, — деп хабарлайды  «Zhambylnews» AA Baq.kz — ке сілтеме жасап.

«Қазақстандықтардың ұзақ өмір сүруіне әсер ету біздің жағдайымыз болып отыр. Біз ең үздік дағдыны, табысты тәжірибені қолға алып, тамақтану мәдениетін өзгертуге қатысты ұсыныстардың ғылыми негіздемесін қалыптастырып, адам өмірі мен іс-әрекетінің, аурудың алдын алу шаралары мен денсаулықты нығайту бағытында жұмыс істейміз. Қазақстан Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының қолдауымен қоғамдық денсаулық сақтаудың 10 негізгі жедел қызметіне бағалау жүргізді. Ол қадалағау, нормативті реттеу, бағалау, сауықтыру, ауруға қарсы күресу ісінде маман даярлау сияқты шараларды қамтиды», — деп атап өтті Баттақова.

Ол сондай-ақ, аймақтардағы түрлі қызметтердің (полиция, экологиялық бақылау, коммуналдық қызмет) іс-қимылын реттеу үшін Денсаулық сақтау министрлігі «Сау қала (аймақ)» жобасын әзірлегенін айтты. Бұл өмір сүрудің қауіпсіз жағдайларымен, медициналық қызметтің қолжетімділігімен, дене белсенділігі мен спортпен айналысу үшін жағдай жасау, ауа мен суды ластауды азайту шараларымен қамтамасыз етеді.

«Әр аймақтың сау университет пен мектеп, аурухана, сау тағамдар мен жұмыс орындарының көмегімен адам денсаулығы үшін жағдай жасау және оның жолындағы кедергілер мен өзекті мәселелерді анықтау өте маңызды. Ұлттық желі құру мақсатында «Қазақстанның сау қалалары» брендін танытып, оны жүзеге асыру жолдарын адамдарға жеткізгіміз келеді. Мысалы, көліктерді азайту есебінен жаяу жүргінші жолын, веложолдарды көбейту қоршаған ортаның ластануын бәсеңдетеді, демек, жоғарғы тыныс жолдары, аллергия, демікпе ауруларының қаупін едәуір сейілтеді. Автокөлік аз болса, жол-көлік оқиғалары мен жарақаттану, мүгедектік пен өлім де азаяды. Жаяу жүру және дене белсенділігі кезінде денсаулық жақсарады, иммундық жүйе күшейеді, буын, жүрек, өкпе, мұнымен қоса өмірді ұзарту сапасы артады», — деді ол.

Leave A Reply

Your email address will not be published.