Құрметті Тараз қаласының тұрғындары!

0 17

2018 жылдың 19 тамыз күні сағат 11.00-де «Жеңіс» саябағында «7-20-25». Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын ақпараттық түсіндіру мақсатында акция өткізіледі. Бұл туралы «ZhambylNews» Aқпараттық Aгенттігі хабарлайды.

Айта кетейік, биыл ҚР Ұлттық банкі «7-20-25. Әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру» ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасын бекіткен болатын.«7-20-25» бағдарламасын іске асыра бастаудың күтілетін мерзімі – ағымдағы жылдың екінші жартысы. «7-20-25» бағдарламаның талаптарын түсіндіру үшін Қазақстан Ұлттық банкінің «ҚҰБ «Online» мобильдік қосымшасында 2018 жылғы 19 маусымнан бастап «7-20-25» жаңа бөлімі іске қосылды, онда осы бағдарламаға қатысты қызығушылық тудыратын сұрақтарға жедел жауап алуға болады. Айта кетерлігі, бағдарлама Мемлекет басшысының 2018 жылғы 5 наурыздағы халыққа арналған «Президенттің бес әлеуметтік бастамасы» үндеуінде айтылған бірінші әлеуметтік бастаманы іске асыру аясында әзірленді. Бағдарламаға Қазақстан Республикасының еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алатын табысы бар, сондай-ақ меншік құқығында тұрғын үйі жоқ кез келген азаматы қатыса алады. Еліміздің кез келген өңірінде бастапқы нарықта тұрғын үй сатып алу үшін мынадай құн шегінде ипотекалық тұрғын үй қарызын алу мүмкіндігі қаралады: 25 млн теңге – Астана, Алматы, Ақтау және Атырау қалаларында; 15 млн теңге – басқа өңірлерде. Бағдарламаның операторы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің еншілес ұйымы «Баспана» ипотекалық ұйымы» АҚ. Оператор облигацияларды шығару және орналастыру есебінен қаржыландырудың нарықтық тетіктерін пайдалана отырып Қазақстан қор биржасына (KASE) кемінде 1 трлн теңгені тартады және түскен қаражатты бағдарламаның талаптары бойынша қатысушы банктер берген ипотекалық тұрғын үй қарыздарын сатып алуға бағыттайды.

Жамбыл облысында “7-20-25” бағдарламасы аясында 1200 отбасы баспаналы болмақ. Қазіргі уақытта екінші деңгейдегі банктерге 3 өтініш келіп түсіп, 18,3 миллион теңгеге 2 өтініш мақұлданды.

Өңірде он бесінші мөлтек ауданда – 800, Арай массивінде – 232 және жеке құрылыс компаниялары тұрғызған 166 көп пәтерлі үйлер ипотекалық тұрғын үй кредиттеу бағдарламасы бойынша беріледі. Баспанаға жол ашатын бастама халыққа 7 пайыз мөлшерлеме бойынша кредиттелетін тұрғын үй құнының 20 пайыз мөлшерінде бастапқы жарна, сондай-ақ 25 жылға дейін кредит мерзімін ұсынады.

Акцияға барлығыңызды шақырамыз!

Тараз қаласының әкімдігі

Leave A Reply

Your email address will not be published.