Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр

0 5

Қызылордада уақытты бір сағатқа артқа жылжыту жоспарланып отыр. Үкіметтің Қызылорда облысындағы уақытты өзгерту туралы жобасы талқыға салынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.

«Қызылорда облысы әкімдігіндегілер 2018 жылдың 20 желтоқсанынан 21 желтоқсанына қараған түні сағат 00:00-де жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытсын», — делінген құжаттардың бірінде.

Құжаттар қабылданған жағдайда Ақпарат және коммуникациялар министрлігі мен Қызылорда облысы әкімдігіндегілер халыққа уақыт есептеу тәртібі өзгергені жайлы хабарлауы керек болады.
Leave A Reply

Your email address will not be published.