Елбасы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

0 12

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен телефон арқылы сөйлесті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап.

Мемлекет басшылары екі жақты ынтымақтастық жайында әңгіме өрбітіп, өңірлік мәселелердің күн тәртібіне тоқталды. Қос тарап келер жылы Ташкентте өтетін Орталық Азия елдері басшыларының кезекті кездесуіне қатысатынын растады. Екі Президент бұл жиында талқыланатын мәселелер тізімі жөнінде алдын ала келісудің маңыздылығын атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.