Велотректен Қазақстан құрамасының көшбасшысы Артем Захаров Берлинде өтіп жатқан әлем кубогі кезеңінде алғашқы бестіктен көрінді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.
Захаров «омниум» дисциплинасында бақ сынаған болатын. Ол он айналымнан соң барлығы 99 ұпай жинап, бесінші орынға қол жеткізді.
Аталған сында австралиялық Сэм Уелсфорд 128 ұпаймен жеңіске жетті. Екінші орында — испаниялық Альберт Торрес (118 ұпай), үшінші орында — Нидерланды спортшысы Виллем ван Шип.
Айта кетейік, Артем Захаров Азиады-2018-де екі мәрте қола медаль иеленген болатын.