Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-нің өнімі Ресейге экспортталуда

0 36

Жуалы ауданындағы «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-нің өнімі Ресейге экспортталуда. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды. 

Ауданда шаруалардан сүт қабылдап, сүт кластерін дамытуға мол үлесін қосып отырған «Бурное сүт компаниясы» ЖШС-і өндіретін сүт өнімдерінің 30 пайызы Ресейдің Самара қаласына экспортталады.

1951 жылы іргесі қаланған әйгілі ірімшік зауыты осыдан бірер жыл бұрын қаржы тапшылығына байланысты жұмысын тоқтатқан болатын. Белгілі кәсіпкер Әбдібек Пошқаевтың зауыт жұмысын қолға алуымен және «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының» қатысуымен кәсіпорын қайтадан өз жұмысын бастады.

Биылғы жылдың 10 айының қорытындысы бойынша «Бурное сүт компаниясы» ЖШС 8 572 035, 5 келі сүт қабылдап, одан 4 358 149 литр пастерленген сүт өндірген. Ал сары майдың көрсеткіші 133 889 келіні құраса, тиісінше, қатты ірімшіктің үлес салмағы 750 328 келіге жетіп отыр.

Leave A Reply

Your email address will not be published.