Ресейге ағасының төлқұжатымен өтпек болған қазақстандық ұсталды

0 6

Қазақстан мен Ресей шекарасында «Мерседес» автокөлігімен өтіп бара жатқан қазақстандық ұсталды. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Батыс шекарадағы Орал шекара отрядына қарасты «Сырым-авто» өткізу бөлімшесінде шекарашылар Ресейге қарай жекеменшік «Мерседес» автокөлігімен өтіп бара жатқан қазақстандықты ұстады.

«Бір қарағанда төлқұжаттағы сурет тексеруге ұсынған адамның дәл өзінікі сияқты көрінгенімен, құжаттың бөтен адамға тиесілі екендігі анықталды. Тексере келе төлқұжат 1985 жылы туған азаматтың өзінен екі жас үлкен, туған ағасынікі екендігі анықталды.

Шекарашылардың қырағылығын «тексерген» азамат Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 392-бабының 1-бөлігі бойынша жазаға тартылатын болады», делінген хабарламада.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.