Бүгін сағат 09:30-да Тараз қаласы М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-нің М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында «Алаш ұстанымы — ұлт мұраты» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конферециясы өтеді. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының ұйытқы болуымен өтіп жатқан шарада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы және «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласы аясында өткелі отырған шараға танымал тарихшы ғалымдар келіп баяндама жасайды.
Атап айтсақ, ҚР Ұлттық ғылым академиясының академигі, т.ғ.д., профессор Мәмбет Қойгелді, Халықаралық «Қаһармандар» қоғамдық қорының президенті Сабыр Қасымов, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің «Алаш» мәдениет және рухани даму институтының директоры, ф.ғ.к. Сұлтан Хан Жүсіп, «ҚР Ұлттық Музейі» РМКК жанындағы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, с.ғ.к. Берік Әбдіғалиұлы және Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің Қазақстан тарихы кафедрасының доценті, т.ғ.к. Ерлан Сайлаубай, Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетінің «Алаштану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Тұрдықұл Шаңбай және «Асу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, ардагер журналист Москау Нокрабеков сынды тарихшы ғалымдар бар.