Синоптиктер 11-13 желтоқсан аралығындағы Қазақстандағы ауа райы болжамын ұсынды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Сібір антициклоны шығысқа қарай жылжып, оның орнына Ресейдің Еуропалық бөлігінің оңтүстігінен жылы атмосфералық ауа ағындары келеді. Соның салдарынан көктайғақ болып, республиканың көптеген облыстарында тұман түседі. Тасжолдарда түнде және таңертең жүру қауіпті болмақ», — делінген «Қазгидромет» РМК хабарламасында.