Қаңтарда ауа райы қандай болады?

0 0

Синоптиктер қаңтар айында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамынша, қаңтарда орташа айлық ауа температурасы республиканың оңтүстік-батыс, оңтүстік және оңтүстік-шығысында нормадан 1 градустан жоғары, ал қалған аймақта климаттық нормаға жақын болады.

«Бірінші декаданың басында республиканың солтүстік, солтүстік-шығыс және орталық аймақтары суық антициклонның ықпалында болады. Термометрдің сынап бағанасы түнде 25…30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз, күндіз 15…20, кей жерлерде 25 аязға дейін төмендейді», — дейді «Қазгидромет» өкілдері.

Сондай-ақ, синоптиктердің мәліметінше, еліміздің батыс, оңтүстік-батыс және оңтүстігіне жылы ауа массалары келіп, жауын-шашын түседі. Ауа температурасы: түнде 2…7, кей жерлерде 12 градус  аяз, күндіз 0…5 жылы, кей жерлерде 5 градусқа дейін аяз болады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.