Санкт-Петербургте жедел шахмат бойынша әлем чемпионаты аяқталды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Bnews.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Оның қорытындысы бойынша қазақстанық Жансая Әбдімәлік пен Динара Сәдуақасова үздік ондыққа кірді.
Жансая Әбдімәлік ықтимал 12 ұпайдың 8,5 жинап, бұл нәтиже оған 6 орынды иеленуге мүмкіндік берді. Өз кезегінде, Динара Сәдуақасованың активі 8 ұпайдан тұрды. Бұл нәтиже Динараның 10 орынға тұрақтауына ықпал етті.
Жалпы, Динара тағы бірқатар қатысушылармен бірге 8 ұпай жинаған болатын. Алайда, оның қарсыластары әлдеқайда мықты болуына байланысты, үздікке кіре алды.
Тағы бір қазақстандық шахматшы Гүлісхан Нахбаев 57 болды.