Қазақстандық теннисші Денис Евсеев Гонконг қаласында жалпы жүлде қоры 25 мың долларды құраған ITF Futures сериялы жарысында жеңімпаз атанды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазақпарат-қа сілтеме жасап.
Жарыстың ақтық кезеңінде Денис Евсеев табан тірескен күресте қытайлық спортшы Ксин Гаоны 6:4, 1:6 және 6:4 есебімен ұтты. Матч екі сағат, екі минутқа созылды.
Бұған дейін қазақстандық спортшы Таиланд теннисшісі Вишай Тронгчаронкулды 4:6,7:6(2),6:4 есебімен ұтқан. Жарыстың екінші айналымында Евсеев жапондық Жампей Ямасакиді 6:3,7:5 есебімен жеңді. Жарыстың старттық матчында Денис Гонконг теннисшісі Чагу Ламуды 6:1, 2:6, 6:3 есебімен жеңіп алды.
Қазақстандық теннисші үшін бұл мансабында ITF Futures сериясының жеке разрядтағы алтыншы титулы.