Қазақстан Республикасында ЖРВИ және тұмауға байланысты эпидемиологиялық жағдай тұрақты.
Санитарлық дәрігерлердің айтуынша, 28 желтоқсанға дейін республикада тұмаудың А вирусының және гриппоздық емес респираторлық вирустардың (парагрипп, риновирус, аденовирус, т.б.) таралуы тіркелген. 2017 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда індеттің таралуы 8% төмендеген.
Негізінен жедел респираторлық вирустық инфекциялардан 14 жасқа дейінгі балалар зардап шегіп жатыр. Науқанның басынан бері республика тұрғындарының 11,3%-ына тұмауға қарсы дәрі егілген.
ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу организмнің қорғаныс күшін нығайтуға бағытталған, ол екпемен қатар жүргізіліп жатыр. Қорғаныс ретінде иммунитетті күшейтетін препараттар (анаферон, интерферон, виферон, интерферон индукторы), вирусқа қарсы жақпа майлар (оксалин, антивир, т.б.), полидәрумендер пайдаланылып жатыр.
Дәрігерлер ЖРВИ-мен ауырған адамдардан аулақ жүру, оларға жақындағанда маска кию және басқа да сақтық шараларын сақтау қажеттігін ескертеді.
Дереккөз: ҚазАқпарат