Назарбаев Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына Хоргос секілді орталық салуды ұсынды

0 0

Елбасы БАҚ өкілдерімен Жаңа жыл алдындағы дәстүрлі кездесуінде Өзбекстанмен шекарада орталық салуды ұсынды.

Мемлекет басшысы шекаралық әріптестік ретінде Өзбекстанмен шекараға сауда орталығын салуды ұсынды.

“Біз Қытаймен “Хоргос” үлкен кешенін салдық. Бұл халықаралық шекаралық әріптестік. Қазақстан мен Өзбекстан шекарасына да осындай орталық салу керек деп ойлаймын”, – деді Eлбасы.

Оның айтуынша, мұндай орталықтың құрылысынан соң сол аумақта жаңа қоныс пайда болады.

“Әрбір тараппен құрылыс жүргізсе, одна үлкен қала пайда болуы мүмкін. Қазір бұл сұрақ талқылануда”, – дейді Назарбаев.

Дереккөз: Stan.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.