Шектеулі мөлшерде ішімдік ішкен науқастардың өмірі жасы ұзарған. АҚШ-тың Вашингтондағы медицина университетінің мамандары ішімдікті шектеулі мөлшерде ішу жүрек қызметінің жеткіліксіздігі дертіне шалдыққан егде жастағы адамдар арасында өлім қаупін азайтады деген қорытынды жасады, деп хабарлайды EurekAlert!.
Зерттеушілер 393 науқастың жүрек-қантамыр жүйесін тексерген. Белгілі болғандай, аптасына ішімдіктің 7 стандартты порциясын немесе одан да аз ішімдік ішкен адамдардың өмірі мүлдем ішпейтіндермен салыстырғанда 383 күнге ұзағырақ болады екен. Тәжірибеге қатысқан еріктілердің өмірі диагноз қойылғаннан кейін орта есеппен 7,5 жыл деп болжанған.
Хабарламада аталып өткендей, мамандар науқастардың неге жүрек қызметінің жеткіліксіздігіне шалдыққаны туралы білмепті. Енді ғалымдар жүрегі ауыратын қарттардың қанша мөлшерде ішімдік ішкені жөн екенін анықтауы тиіс.
Дегенмен мамандардың ескерткендей, зерттеу жұмысының нәтижесіне қарап, осындай дертке шалдыққан, бірақ ішімдік ішпейтін жандардың арақ-шарапқа салынып кетпегені абзал.
Дереккөз: Sputnik Қазақстан