Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды

0 2

Танымал әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы өлі табылды.

Бұл туралы журналист Жазира Бегалы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.

«Әнші Гүлнәр Сиқымбаеваның ұлы табылды. Марқұм неден қайтыс болғаны белгісіз. Естеріңізде болса, туыстары Баирдың 24 наурызда үйден шығып, хабар-ошарсыз кеткенін хабарлаған еді. Ол — Қазақстанның Еңбек сіңірген әртісі Гүлнәр Сиқымбаеваның жалғыз ұлы. Жаны жәннатта болсын», — деп жазды ол.

Еске салайық, бұған дейін оның 24 наурызда сағат 13:00 шамасында үйден шығып кеткені, содан бері із-түссіз жоғалғаны хабарланды. Кейін «Бармысың, бауырым?» радиохабарына берген сұхбатында Ұлжан Шәріпбекова күйеуі Баир Сиқымбаевқа іздеу салды.

Алматы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі де Баир Сиқымбаев іздестіріліп жатқанын растады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.