Қазақстандықтар 2019 жылы асыға күтетін бес фильм

0 0

Жаңа жылда қазақстандықтар қандай кинопремьераларды асыға күтіп жүр?

«Томирис» (Қазақстан)

Фильм Томирис ханшайымның рөліне кастинг жарияланған күннен бастап жұрттың қызығушылығын тудырды. Түсірілімнің ауқымдылығы, өзіне сенімді актриса, шынайы тарихи деректер мен жантебірентерлік көріністер — осының барлығын жұрт Ақан Сатаевтың жаңа фильмінен асыға күтіп жүр.

Картина мамырдағы мерекелерге орай шығады деп жоспарланып отыр, оның продюсері — Әлия Назарбаева.

«Тартылыс-2» (Ресей)

Федор Бондарчуктың қиял-ғажайып блокбастерінің жалғасы тек 2019 жылдың соңында көрсетіледі. Алайда оның трейлері әзірдің өзінде көптің талқысына түсіп жатыр.

«Алладин» (АҚШ)

1992 жылы түсірілген классикалық мультфильмнің ремейкі көрерменге мамырда жол тартады. Аталған туындының режиссері танымал британиялық Гай Ричи, ал Джинды мықты актер Уилл Смит сомдайды.

«Қара киген адамдар: Интернэшнл» фильмі (АҚШ)

Командадан Уилл Смит пен Ли Джонс «кетті». Десе де бұл жолы сиквелді жаңа қызықты кейіпкерлер толықтырды.

Бірінші бөлімі 1997 жылы, екіншісі 2002 жылы шықты. Олардың екеуі де хитке айналды.

Крис Хемсворт, Тесс Томпсон және Лиам Нисон көрермен қауымның жүрегін жаулай алар ма екен? Оны маусым айында көретін боламыз.

«Арыстан патша» (АҚШ)

Әйгілі мультфильмнің ремейкі. Бала күннен бері таныс мультфильм кейіпкерлеріне жан бітіп, музыкасы әдеттегідей тамаша болады. Ал достық, жақсылық пен жамандық, отбасы мен мәңгілік құндылықтар туралы оқиға бұрынғыдай еліктіре түседі.

Мультипликациялық мюзиклді шілде айынан бастап кинотеатрдан көруге болады.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.