Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды

0 1

Мәжіліс депутаты Азат Перуашев Қазақстанның атауын өзгертуді ұсынды, деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.

Ол депутаттық сауалын премьер-министрге бағыттады. Перуашев 2020 жылы КСРО құрамына кірген Қазақ Республикасының құрылғанына 100 жыл толатынын еске салды.

«Бұл болашақ тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттілігінің іргетасы сияқты болды. Өткен жылы Әзербайжан Республикасы өзінің 100-жылдығын атап өтті, биыл Ресей президентінің ресми өкімімен «Алаш Орданың» құрдасы — Башқұртстан өзінің 100 жылдық мерейтойын тойлайды. Осыған байланысты «Ақ жол» демократиялық партиясы Қазақ Республикасының 100 жылдығына мемлекеттің деңгейде назар аударып, бұл датаны лайықты атап өтуді ұсынады», — делінген депутаттық сауалда.

«Біздің мемлекетке «Қазақ Республикасы» ресми атауын қайтару мәселесін қарастыруды ұсынамыз. Мұндай бастаманы бес жыл бұрын Нұрсұлтан Назарбаев көтерген еді. Елбасының ұсынысын жүзеге асыратын уақыт келді деп ойлаймын. Қараны – қара, ақты – ақ, қазақты – қазақ деп өз атымен атауымыз керек. Республикаға тоталитарлық биліктің өзі мойындаған байырғы «Қазақ» деген атауын қайтару тарихи әділдікті орнатып қана қоймай, біздегі әртүрлі ұлт өкілінің бірлігі мен достығының нығаюына әсер етеді», — деді Перуашев.

Оның айтуынша, «Қазақ Республикасы» атауы Қазақстан атауымен қатар ресми түрде қолданылуы қажет.

2014 жылдың ақпан айында Нұрсұлтан Назарбаев республиканың ресми атауына қатысты пікір білдірген болатын. Елбасы уақыты келгенде республика атауын «Қазақ елі» деп өзгертуді қарастыру қажеттігін, бірақ әуелі халықпен жақсылап ақылдасу керектігін айтқан еді.

Leave A Reply

Your email address will not be published.