Республиканың басым бөлігінде қар жауып, көктайғақ болады

0 2

Қазақстанның барлық аумағында тұрақсыз ауа райы сақталады, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты қар жауады, — деп хабарлады «ZhambylNews» АА «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап. 

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі сақталады.

Қостанай облысында бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.  Ақмола облысының кей жерлерінде  тұман, бұрқасын күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді,  түнде кей жерлерінде тұман болады. Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Алматы, Түркістан, Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.