Қазақстандық 3 боксшы Венгриядағы турнирде топ жарды

0 0

Қазақстандық боксшылар Венгрияның Дебрецен қаласында өткен Иштван Бочкай атындағы халықаралық турнирде 5 жүлде еншіледі. Жалпыкомандалық есепте екінші орын алды.

Иштван Бочкайды еске алуға арналған турнир биыл 63-ші рет өтті. Қазақстаннан барған боксшылар 3 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды.

52 кг салмақта жұдырықтасқан Сәкен Бибосынов жарыс жеңімпазы атанды. Ол финалда украин боксшысы Игорь Сопинскийді жеңді.

Серік Теміржанов (60 кг) финалда тай боксшысы Джунтронг Руджаукранды айқын жеңіп шықты. Сондай-ақ отандасымыз жарыстың ең үздік боксшысы атанды.

75 кг салмақта Құлахмет Тұрсынбайға тең келер қарсылас табылмады. Ол финалда поляк Бартош Голебивскиден басым түсті.

Оразбек Асылқұлов (56 кг) финалда Самуэль Кистохарриге есе жіберіп, күміс жүлдегер атанды. Ал жартылай финалда төрешілер шешімі бойынша украин Александр Меленюкке жол берген Сабыржан Бекбергенов қола медальды қанағат тұтты.

Жарыс қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Ресей құрамасы бірінші орын алды. Екінші орыннан Қазақстан құрамасы көрінсе, үздік үштікті мажар елінің боксшылары түйіндеді.

Дереккөз: massaget.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.