Елімізде алдағы тәуліктерде күн жылынады

0 3

«Қазгидромет» РМК мамандары 12-14 ақпан күндері ауа райының қандай болатындығын мәлімдеді.

«Ел көлемінде температураның уақытша төмендеуіне себеп болған солтүстік-шығыс тропосфералық ағындары батысқа және оңтүстік-батысқа ауысты. Сондықтан алдағы үш тәулікте Қазақстанда ауа температурасы климаттық мәнге жақын болады, яғни күн жылына бастайды», -деп хабарлайды синоптиктер.

Мамандардың айтуынша, бұл күндері республика аумағында циклон жылжып, оңтүстік және оңтүстік-шығыста ауа температурасының жоғарылауына және жауын-шашынға себеп болады. Ал Қазақстанның қалған аймағында антициклонның ықпалынан жауын-шашын болмайды.

Дереккөз: 24.kz

Leave A Reply

Your email address will not be published.