2026 жылғы 30 сәуір күні сағат 09:30-де Тараз қаласы, Жібек жолы ауданы, Жалпақтөбе алабы, Толағай көшесі 10 мекенжайында орналасқан Валерий Чкалов атындағы орта мектебінде «Жас сақшы» сыныбының ашылу салтанаты өтті.
7 «А» сыныбының 26 оқушысы толық қатысып, салтанатты түрде Ант қабылдап, жеке куәліктерін алды. Іс-шара барысында Мемлекеттік Ту көтеріліп, Әнұран орындалды. 5513 әскери бөлімшенің оркестрі салтанатты жиынды сүйемелдеді. Оқушылар өз өнерлерін көрсетіп, мерекелік бағдарламаны толықтырды.
Мектептің 105 кабинеті арнайы стендтермен жабдықталып, «Егеменді ел батырлары» бұрышы жасақталды. Сонымен қатар «Жас сақшы» сыныбының тізімі ілініп, ережелері таныстырылды.
Салтанатты жиынға Тараз қаласы Жібек жолы ПБ ӘПБ бастығы, полиция подполковнигі Д.Е. Турлыбаев қатысып, оқушылардан Ант қабылдады. Сондай-ақ ӘПБ бастығының орынбасары, полиция майоры Т.Б. Сайлаубаев құттықтау сөз сөйлеп, сәттілік тіледі. Жібек жолы ПБ ӘПБ бастығының орынбасары, полиция подполковнигі Әміребек Ардақ Әмірбекұлы құқықтық сауаттылық бағытында аптасына бір рет арнайы сабақтар өткізілетінін атап өтті.
Аталған бастама – құқық бұзушылықтың алдын алу, жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін қалыптастыру және жол жүру ережелерін насихаттауға бағытталған үлгілі жоба.