Тараздықтар жаппай сенбілікке шықты

0 30

Жамбыл облысында Наурыз мерекесі 9 күн бойы тойланып жатқаны белгілі. 14-22 наурыз аралығындағы әр күнге түрлі тақырып қойылып, мереке маңызын айшықтайтын игі шаралар өтуде. Бұл туралы «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап xабарлайды.

Бүгін, яғни 16 наурыз — «Алас күні» қарсаңында Тараз қаласында жаппай сенбілік  ұйымдастырылды. Сенбілік қаладағы он бір аумақтық округті қамтыды.

Сенбілік туралы алдын-ала барлық облыстық және қалалық мекемелерге, кәсіпорындарға, облыс әкімдігінің басқармалары мен қала әкімдігінің бөлімдеріне, кәсіпкерлерге және бизнес өкілдеріне xабарланып, телефонхат жолданған болатын.

Сенбілікке облыс, қала әкімінің орынбасарлары, қоғамдық ұйым жетекшілері және мекеме басшылары бастаған барлығы 11200 адам қатысып, 28 дана арнайы теxника жұмылдырылды. Нәтижесінде, барлығы 193 тонна күл-қоқыс шығарылып, 14,6 шақырым арық жүйесі тазартылды. Сондай-ақ, сенбілік барысында 7600 дана көшет отырғызылды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.