Қазақстандық ғалымдар отқа жанбайтын құрылыс материалын ойлап тапты

0 13

Қазақстандық жас ғалымдар отқа төзімді, жылуды жақсы сақтайтын құрылыс материалын ойлап тапты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. 

Инновациялық жобаны Бүкіләлемдік банк қолдады.

Қ.Сәтпаев атындағы қазақ ұлттық ғылыми техникалық университет ғалымдары вакуумды жылу изоляциялық панель шығарды. Жаңа материал пенополиуретан, пенополистирол, минералды және әйнек мақтасынан 4-6 есе жылуды жақсы сақтайтын қасиетімен белгілі болды.

Вакуумды панельдің басты жетістігі — экологиялық таза, ұзаққа шыдайды, қалауға жеңіл, отқа жанбайды.

Зертхана жағдайында материалдың барлық жақсы қасиеттері расталды.

Ғалымдар бұл материалды 5-6 жылдан бері зерттеп келеді. «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы аясында Бүкіләлемдік банк пен ҚР Үкіметі қолдады.

«Қазір сынама ретінде бірнеше дана шығарылған. Біз гранттың үшінші кезеңінде тұрмыз. Жақында материалдарды апробациялауды бастаймыз»,- деді идея авторы SAVENERGY компаниясының бас директоры  Руслан Нұрлыбаев.

Отандық өнім адам ағзасына зиянсыз. Жоюды қажет етпейді. Зауытта кірпіштер кез-келген пішінде цилиндр, шар, дөңгелек, ойығы бар түрде шығатын болады. Кірпіштер еуропалық құралда құйылады.

«Вакуум панельдер үйлерді, әкімшілік ғимарат,  қоймаларды қалауға пайдаланылады. Инновациялық ерекшеліктері кірпіштердің жасалған шикізатында. Шикізат Ембідегі микрокремний элементінен жасалады. Қазақстандық өнім болғандықтан, бағасы да бәсекеге қабілетті болмақ», — деді Руслан Нұрлыбаев.

Зерттеулер көрсеткендей, ғимараттардың жылуының 40%-ы қабырғалар арқылы жоғалады.

Бұл ғимараттардың энерготиімділігін арттырады. Алматы кәсіпкерлер палатасы инновациялық ноу хау технологиясын потенциалды тапсырыс берушілерге — мемлекеттік органдарға, жобалау институттарына, құрылыс компанияларына ұсынуды бастады.

Leave A Reply

Your email address will not be published.