Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2020 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңін жеңіспен бастады. Топтағы алғашқы ойында отандастарымыз Шотландияны ойсырата ұтты.
«Астана Аренада» өткен ойында қазақстандық футболшылар қарсыластарын 3:0 есебімен ұтты. Жаңа жаттықтырушы Михал Билек өзінің алғашқы ресми ойынында командамен жеңіске бастар жолды тапты.
Ойындағы алғашқы голды, жалпы Еуропа чемпионатына іріктеу кезеңіндегі алғашқы голды Юрий Перцух соқты. 6 минутта Александр Меркель берген пасты сәтті пайдаланып, есеп ашты. Ал араға 4 минут сала Ян Вороговский есепті еселеді.
Екінші тайм басында Ресейдің «Ростов» командасында ойнайтын Бахтиер Зайнутдинов есепті еселеді. Гафуржан Сүйімбаевтың әуелете асырған добын баспен қарсылас қақпасына тоғытты. Есеп 3:0. Таблодағы нәтиже сақталып, Қазақстан құрамасы айқын жеңіске жетті. 3 ұпаймен топта көш басына шықты. «І» тобында Қазақстан мен Шотландиядан өзге Кипр, Бельгия, Ресей, Сан-Марино құрамалары бар.
Қазақстан ұлттық құрамасы келесі ойынын 24 наурыз күні Ресей құрамасымен кездеседі.
Дереккөз: massaget.kz