Берік Құрманғали Президенттің баспасөз хатшысы болып тағайындалды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Tengrinews.kz—ке сілтеме жасап.
«Мемлекет басшысының Өкімімен Берік Уәлиұлы Құрманғали Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметіне тағайындалды», — делінген Мемлекет басшысының Өкімінде.
Бұл қызметте болған Айдос Үкібайдың басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы қызметінен босатылғаны айтылады.