Жас мамандарды баспанамен қамту және әлеуметтік қолдау: Жамбыл облысының дамуының негізгі көрсеткіштері
Жамбыл облысында жергілікті халықтың өмір сүру сапасының деңгейін көтеру үшін бірқатар жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.
Облыс аумағы 144,3 мың шаршы метрді құрайды. Облыс халқының саны 1 млн 124,6 мың адам, оның ішінде қала халқы — 39,7%. Облыста 10 аудан, Тараз облыстық маңызы бар қала және 2 моноқала – Қаратау, Жаңатас пен шағын қала Шу бар.
Өңір өнеркәсібі: 10 млрд теңге сомасына 6 жоба іске асырылды.
Облыс әкімдігінің мәліметінше, 2018 жылдың қорытындысы бойынша өнеркәсіптік өндіріс көлемі 396,2 млрд теңгені құрады, нақты көлем индексі — 102,6%.
Тау-кен өнеркәсібі және карьерлерді өңдеуде 6,1%, өңдеу өнеркәсібінде 3,2% өсім байқалып отыр.
Сонымен қатар, өткен жылы Индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 10 млрд теңге сомасына 6 инвестициялық жоба іске асырылды, бұл 481 жаңа жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.
«Қазфосфат» ЖШС «Минералды тыңайтқыштар» – аммофос өндірісі көлемін 500 мың тоннаға дейін арттыру;
«Ер Тай» ЖШС – Ақсүйек кен байыту фабрикасын өндірілетін қорғасын-мырыш кендерін өңдейтін флотациялық-гравитациялық кен байыту фабрикасына реконструкциялау және жаңғырту;
«ШақпакДорсервис» ЖШС — битум зауытының реконструкциясы;
«Джанабекова С.С.» ЖК – кондитер фабрикасының құрылысы;
«Әулие-Ата Феникс» ЖШС – құс шаруашылығы қалдықтарын ет-сүйек ұнына өңдеу бойынша жаңа автоматтандырылған технологиялық желіні енгізу;
«Са-Ба ЛТД» ЖШС – Меркі мұнай өңдеу шағын зауытының реконструкциясы мен жаңғырту.
Ауыл шаруашылығы: егін егілетін жерлер аумағы 38,9 мың га дейін ұлғайды.
Өткен жылы ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 6,1%-ға дейін артып, 264,8 млрд теңгені құрады.
2018 жылы ауыл шаруашылығы дақылдары 2017 жылмен салыстырғанда 669,1 мың га немесе 38,9 мың га-ға артық жерге егілді, оның ішінде қант қызылшасы аумағы 8,4 мың га-ға жетті.
Жалпы астық түсімі 671,1 мың тоннаны құрады. Бұл ретте, облыс бойынша орташа түсім 24,1 ц/га құрады.
128,2 мың тонна немесе 2017 жылғы деңгейге шаққанда 105,1% ет, сүт – 312,4 мың тонна (102,9%), жұмыртқа – 131,1 млн дана (109,2%) өндірілді.
Агроөнеркәсіптік кешенді қолдауға 2018 жылы 14,5 млрд теңге субсидия бағытталғанын айта кеткен жөн.
Өңірде инвестициялар көлемі 8,4% артты.
2018 жылдың қорытындысы бойынша инвестициялар көлемі 8,4%-ға артып, 255 млрд теңгені құрады.
Инвестициялар өсімі Жуалы ауданында «BurnoyeSolar-2» күн электр станциясын жаңғыртуға салымдар және «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ Жамбыл бөлімінің теміржол желілерін күрделі жөндеу есебінен қамтамасыз етілді.
ШОБ кәсіпорындарының саны 63,3 мыңды немесе 2017 жылмен салыстырғанда 107,8% құрады. 2018 жылы «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасын іске асыруға жергілікті және республикалық бюджет есебінен 2 млрд 223,9 млн теңге бөлінді.
Өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша 31 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылды.
2018 жылы өнімді жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы аясында 12,4 млрд теңге бөлінді. Өткен жылы бағдарламаға 39 386 адам қатысты. 31220 адам жұмысқа орналастырылды, олардың 68,9%-ы (21496 адам) тұрақты жұмыс орындарына орналасты.
Бағдарламаның бірінші бағыты аясында 770 адам кәсіби дайындыққа, 4212 адам қысқа мерзімді курстарға жіберілді, 3829 адам оқуды аяқтады, олардың қатарынан 2445 адам немесе 63,9%-ы жұмысқа орналасты.
«Бастау-Бизнес» жобасы аясында «Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» екінші бағыты бойынша 1904 адам оқытуға жіберілді, оның ішінде 1745 адам кәсіпкерлік негіздері бойынша оқуды аяқтады, 1061 адам шағын несиелер алды, олардың 870-і жеке істерін ашты және қосымша 612 жұмыс орнын құрды.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының жұмылғыштығы арқылы еңбек нарығын дамыту» үшінші бағыты аясында әлеуметтік жұмыс орындарына 1459 адам жіберіліп, 2686 түлек жастар практикасынан өтті. Төленентін қоғамдық жұмыстарға 5579 адам тартылды.
2018 жылы Жамбыл облысынан солтүстік өңірлерге 739 адамнан құралған 198 отбасы қоныс аударған, олардың ішінде 77 отбасы — Солтүстік Қазақстан облысына, 48 отбасы — Павлодар облысына, 42 отбасы — Шығыс Қазақстан облысына, 31 отбасы — Қостанай облысына көшті.
Өңірдің білім беру жүйесі: мектепке дейінгі мекемелерде 3-6 жас аралығындағы балалардың үлесі 98% құрайды.
Облыста 446 жалпы білім беретін мектеп пен 48 колледж бар. Мектептердің жаңа модификациядағы пәндік кабинеттермен жабдықталуы: химия пәні — 192, биология кабинеті — 206, физика кабинеті — 198, роботы техника — 161.
Өңірде Байзақ ауданының Ақшолақ ауылында жобалық қуаты 80 орындық бір үшауысымда мектеп қалды. Сонымен бірге, өткен жылы ескі мектептің орнына 120 орынға арналған жаңа мектептің құрылысы басталды. Құрылысты 2019 жылдың тамыз айында аяқтау жоспарланған.
Облыста мектепке дейінгі білім беру бағытында 55042 бала қамтылған 534 мекеме бар (384 балабақша — 47872 бала және 150 шағын орталық — 7170 бала). 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды қамту үлесі — 84%, 3 жастан 6 жасқа дейін — 98%.
Денсаулық сақтауды дамыту: «Дипломмен ауылға!» бағдарламасы бойынша облыста 122 жас маман жұмыс істейді.
Облыста 397 денсаулық сақтау ұйымы бар, соның ішінде 30 — аурухана, 357 — амбулаторлық-емханалық мекеме, шипажай — 4, оңалту орталығы — 1, басқа мекемелер — 5.
Денсаулық сақтау ұйымдарында (мемлекеттік және жекеменшік) 14167 медицина қызметкері жұмыс істейді, оның 3086-ы — дәрігер, орта медициналық білімі бар медицина қызметкері — 11241.
Облыс бойынша дәрігерлермен қамтылу 2018 жылы 10000 адамға шаққанда 2017 жылмен салыстырғанда 0,4%-ға артты. Ең жоғары өсім Жуалы және Мойынқұм аудандарында байқалды — тиісінше 2,1% және 3,4%.
«Дипломмен ауылға!» бағдарламасы аясында 2018 жылы облысқа 122 жас маман келді, олардың 102-і ауылдық жерлерде жұмыс істейді. Барлық келген қызметкерлерге біржолғы ақшалай көмек және қызметтік тұрғын үй берілді.
Денсаулық сақтау саласында оң үрдіс байқалады. Нәрестелер өлімі 7,7%-ға төмендеді. 2018 жылы ана өлімі 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 35%-ға төмендеді. Қан айналымы жүйесінің ауруларынан өлім деңгейі 10,2%-ға төмендеді.
Сондай-ақ, қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітім мен аурулар азайды, туберкулез бойынша да осындай қарқын байқалады.
Цифрландыруды жүзеге асыру аясында Тараз қаласында және аудан орталықтарында 398 медициналық мекеменің 364-і интернет желісіне қосылған, бұл 92% құрайды. Облыстың медициналық ұйымдарында 856 911 электрондық денсаулық паспорты енгізілген, бұл тіркелген азаматтар санының 74,1%-ын құрайды.
Құрылыс және ТКШ: 2 мыңнан астам пәтер пайдалануға берілді.
2018 жылы облыста қаржыландырудың барлық көздерінен 38 көпқабатты тұрғын үй салынды, оның ішінде 28 нысан немесе 2073 пәтер (1 бөлмелі — 308, 2 бөлмелі — 1162, 3 бөлмелі — 564, 4 бөлмелі — 45) толығымен аяқталды және пайдалануға берілді.
— Жеке инвестициялар есебінен жалпы ауданы 22 800 ш.м. болатын 400 пәтерден тұратын 6 тұрғын үй;
— Жалпы ауданы 56984 ш.м. 953 пәтерден тұратын 13 жалға берілетін үй;
— Жалпы ауданы 53423 ш. м. 720 пәтерден тұратын 9 несиелік тұрғын үй.
Жалпы, өңірде құрылыс жұмыстарының көлемі 125,6 млрд теңгені немесе 2017 жылға қарағанда 105%-ды құрады. Тұрғын үй құрылысы, сумен және газбен жабдықтау жүйелерінде, мектептерді салу және күрделі жөндеу, автомагистральдарды қайта жөндеуге және т.б. бойынша шағын кәсіпорындар орындайтын құрылыс-монтаж жұмыстарының көлемі артты.