Тараздағы түзеу мекемесінде «қақпа алдында кездесу» шарасы өтті

0 3

Тараздағы ЖД- 158/7 мекемесінде 3 бірдей сотталушы жазасын толықтай өтеп, бостандыққа шықты. Кешенді шара аясында «қақпа алдында кездесу» ұйымдастырылып, оған түрлі сала өкілдері шақырылды. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Атап айтсақ, пробация қызметі, жұмыспен қамту орталықтарының мамандары қатысып, алдағы уақытта бұл азаматтармен тығыз байланыста жұмыс істейтінін жеткізді.

Айта кетейік, бүгінде жаза басып жаңылғандардың қоғамға қайта бейімделуіне лайықты жағдай елімізде жасалып-ақ қойған. 2017-2019 жылдарға қабылданған бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған және пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды әлеуметтік оңалтуға арналған кешенді стратегия өз өміршеңдігін дәлелдеп келеді. Келелі көмегі біраз жазасын өтеушіге тигені хақ. Оңалу оңайға соғып, дер кезінде көрсетілген әлеуметтік-психологиялық көмектің нәтижесінде қоғамға қайта сіңісіп кету жеңілдей түсті. Осындай мүмкіндігі мол бастама Тараздағы ЖД-158/7 мекемесінде де болып өтті.

Өткізілген кездесу барысында құқықтық кеңестер беріліп, мүмкіндіктерді тиімді пайдаланудың жолдары нұсқалды.

ЖД-158/7 мекемесінің баспасөз қызметі

Leave A Reply

Your email address will not be published.