Таразда «Отбасы орталығы» ашылды
Таразда кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының ғимаратында «Отбасылық сот» пилоттық жобасы аясында «Отбасы орталығы» ашылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Мемлекетіміздің баға жетпес құндылығы, ол – отбасы. Әрбір берекелі отбасы еліміздегі ынтымақтың, бірлік пен татулықтың негізі. Кез келген ата-ана балаларының толыққанды әрі жан-жақты азамат болып өсуі үшін оны барлық жағынан қамтамасыз етуі керек. Осы жағынан алғанда, аталған орталықтың атқарар рөлі орасан зор болғалы тұр. Мұндағы мамандар жанжалдасқан ерлі-зайыптыларды татуластырып, мінезі қиын балалармен жеке жұмыс жүргізеді.
Бір сөзбен айтқанда, отбасылық мәселелердің шешу жолдарын қарастырмақшы. Орталық қажетті ақпараттық материалдармен, буклеттермен, жиһаздармен және түрлі ойыншықтармен қамтамасыз етілген.
Дереккөз: Jambyl TV