Тараздағы «Тараз-Арена» спорт сарайында Болашаққа бағдар «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жасөспірімдер арасындағы өткізілетін командалық «Алаңдағы тоғызқұмалақ» ойынынан облыстық чемпионаты өтті, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Жарысқа Тараз қаласы мен аудандардан 11 командадан барлығы 110 спортшы қатысты. Ал жарыс қорытындысы бойынша І орынды Шу ауданы құрама командасы алды. ІІ орын Жуалы ауданына бұйырса, ІІІ орынға Тараз қаласы құрама командасы жайғасты.
Сондай-ақ, жеңімпаздар кубоктармен, медаль және дипломдармен марапатталды.
Айта кетейік, «Алаңдағы тоғызқұмалақ» командалық ұлттық ойыны «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Рухани қазына» бағытына ұлттық ойындарын іске асыру аясында еңгізілген, осыған орай аталған жарыс екінші рет облыста ұйымдастырылып отыр.