Жамбылдық спортшылар еркін күрестен ҚР чемпионатында топ жарды

0 0

Ағымдағы жылдың 18-19 сәуір күндері Қарағанды қаласында әйелдер күресінен 2004-2006 жылдары туылған жасөспірім қыздар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті. Бұл туралы «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі хабарлайды.

Чемпионатқа Республиканың барлық облыстарынан және Нұр-Сұлтан, Алматы мен Шымкент қалаларынан барлығы 147 спортшы қатысты. Жамбыл облысынан 6 спортшы қатысты.

Жарыстың қорытындысы бойынша Перизат Досбосын 39 салмақ дәрежесінде ІІ орынды иеленсе, Аружан Болатхан  39 келіде ІІІ орыннан көрінді.

Айта кетейік, спортшыларды жарысқа дайындаған аға жаттықтырушысы Ғалым Мырзабаев.

Leave A Reply

Your email address will not be published.