Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарын Семей қаласынан бастады, — деп хабарлайды «ZhambylNews» AA Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Сапар аясында Мемлекет басшысы Семей және Өскемен қалаларындағы бірқатар әлеуметтік және өнеркәсіптік нысандарды аралап көруі жоспарланып отыр.
Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік-мәдени бағдарламалардың жүзеге асырылу барысымен танысып, облыстың жұртшылық өкілдерімен, еңбек ұжымдарымен және жастармен жүздеседі.