22 мамырдан бастап жолаушылар пойыздарының жүру кестесі өзгереді

0 3

Ұлттық тасымалдаушы компания кейбір бағыттағы пойыздардың жүру кестесін өзгертіп отыр. Тұрғындардың көптеген өтініші бойынша кейбір бағыттағы пойыздардың қозғалыс кестесі өзгереді, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі. 

«Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол-Риддер» №375/376 жолаушылар пойызының жүру бағыты өзгереді. 2019 жылдың 22 мамырынан бастап, бұл пойыз Семей-Шар-Өскемен (Семей-Локоть- Өскемен орнына) темір жол учаскесінен өтетін болады. Сондай-ақ №086 «Нұр-Сұлтан-Сарыағаш» жолаушылар пойызының да бағыты өзгереді. Ол елордадағы «Нұр-Сұлтан-Нұрлы-жол» темір жол вокзалынан аттанып, осы вокзалға келетін болады. Пойыз кестесі туралы ақпаратты «105» анықтама телефоны арқылы біле аласыздар» , — деп жазылған хабарламада.

Тасымалдаушы компания жолаушыларға сапарды алдын алу жоспарлау керектігін ескертеді. Билеттерді темір жол кассаларынан немесе ресми сайттан онлайн сатып алуға болады.

Компания өкілдерінің айтуынша, билет сатып алған кезде бейтаныс адамдардың көмегіне жүгінуге болмайды. Компания өкілдері билеттердің заңсыз сатылып жатқанын көрген тұрғындардан Полиция департаментінің желілік полиция бөліміне хабарласуды сұрайды.

Дереккөз: Sputnik Қазақстан

Leave A Reply

Your email address will not be published.