Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі

0 1

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз басым болігінде найзағай күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Қазақстанның басым аумағында атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр, солтүстікте, республиканың орталығында және шығысында жауын-шашын, көбінесе қар түрінде жаууы сақталады. Кей жерлерінде тұман, желдің күшеюі, найзағай, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін, оңтүстікте шаңды дауыл күтіледі», — дейді мамандар.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, дауыл күтіледі, жел 15-20, екпіні     23-28 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ жаууы мүмкін. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, жаяу бұрқасын  күтіледі, түнде басым бөлігінде, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 23-28 м/с күшейеді.

«Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20, түнде екпіні 25 м/с күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін. Кызылорда облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін», — делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан, түнде Ақмола, күндіз Қостанай, Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қостанай, түнде және танертең Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, Ақмола облысының түнде және танертең кей жерлерінде көктайғақ күтіледі.

Leave A Reply

Your email address will not be published.