Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман күтіледі, кей жерлерінде жел 15-20, күндіз екпіні 23 м/с күшейеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА Қазгидрометке сілтеме жасап.
«Қазақстанның басым бөлігі антициклонның ықпалында болады, осыған байланысты ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың батыс, шығыс және оңтүстік-шығыс аудандарында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты, жауын-шашын сақталады. Кей жерлерде тұман, желдің күшеюі, дауыл, шаңды дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін», — делінген хабарламада.
Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі, жел 17-22 м/с, күндіз екпіні 25 м/с күшейеді, Ақтөбе облысында жел, түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі.
«Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді. Алматы облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі. Қостанай облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Батыс Қазақстан облысында күндіз, Түркістан, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді», — дейді мамандар.
Түнде және таңертең Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі.