Тараздықтарға «Бәйтерек» мөлтек ауданынан 60 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді

0 8

Бүгін Тараз қаласы «Бәйтерек» мөлтек ауданында 60 пәтерлі арендалық-коммуналдық тұрғын үй пайдалануға берілді, — деп xабарлайды «ZhambylNews» АА облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Пәтер кілтіне ие болғандар негізінен тұрғын үй кезегінде тұрған әлеуметтік осал топ өкілдері.

Тұрғын үй 2018 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында салынған. Құрылысын мердігер «Бином» ЖШС-гі жүргізген.

Нысанда 3-бөлмелі — 30, 2-бөлмелі — 15, 1 бөлмелі – 15 пәтер бар. Ондағы 3 бөлмелі пәтердің ауданы -71, 2 бөлмелі — 58, 1 бөлмелі — 40 шаршы метрді құрайды.

Бүгін пәтер алғандар қатарында 12 жетім бала, 31 әлеуметтік жағынан қорғалған, 17 мемлекеттік және бюджеттік ұйым қызметкері бар.

Айта кетейік, пайдалануға беріліп отырған көпқабатты тұрғын үй әлеуметтік жағынан қорғалатын топтардың азаматтарына жекешелендіру құқығынсыз беріледі. Арендалық айлық төлем көрсеткіші – 5500-6000 теңгені құрайды.

Leave A Reply

Your email address will not be published.