Сарысулық жастар аудан басшысымен кездесті
Сарысу ауданында аудан әкімі Қанатбек Мәдібектің қатысуымен «Жастар жылы-жаңа мүмкіндіктер кезеңі» атты басқосу өтті. Бұл туралы аудандық баспасөз қызметі мәлімдеді, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
Онда аудан басшысы Қанатбек Мәдібек және найб имаммен кәсіпкерлер жастармен пікірлесіп, түрлі мүмкіндіктерді қарастырылды. Сондай-ақ, басқосудың мақсаты да осы жастарды демеп жіберу, дұрыс бағытқа жетелеу және бойындағы талантын танып, тамырын жаюына жағдай жасау.
Жастардың білім алуына, жұмысқа орналасуына, баспаналы болуына көбірек жағдай жасалуда. Бұған қоса, жастар жылы көптеген шаралар ұйымдастырылып жатқаны да белгілі.
Басқосуда жастар кәсіпкерлермен бизнес ашу туралы кеңестер алып, тұшымды ой түйді. Ал найб имамның салиқалы пікірлері ой саларлық болды. Сонымен қатар, алдағы уақытта басқосулар жиі болсын деген ниеттерін жеткізді.