Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова арнайы білім беру ұйымдарының статистикасын атады.
— Елдегі арнайы білім беру ұйымдарының саны – 539. Оның ішінде 126 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация, 240 түзету кабинеті, 12 аутизм, 14 оңалту орталығы, 99 арнайы мектеп, 48 арнайы балабақша бар, — деді министр.
Ведомство басшысы қазір Қазақстанда 6 млн 900 мың бала бар екенін атап өтті.
— Бұл ел халқының 34 пайызы деген сөз. Соңғы 10 жылда балаларымызды саны 1,5 миллионға артқанын ерекше атап өткіміз келеді, — деді Жұлдыз Сүлейменова.
Бұған Премьер-министр Олжас Бектенов Үкімет «шынайы мұқтаж адамдарға ғана көмек» қағидатымен жұмыс істейтінін айтқан болатын.