Судағы қауіпсіздік ережелері бойынша оқушылармен сабақтар ұйымдастырылды

0 10

2019 жылдың 16 сәуірі мен 13 мамыры аралығында Тараз қаласы Білім бөлімі мен Тараз қаласы ТЖ Басқармасының ұйымдастыруымен судағы қауіпсіздік ережелері бойынша оқушылармен көшпелі сабақтар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.

Іс-шараның басты мақсаты — оқушыларға суға шомылу кезіндегі жүріс-тұрыс ережелері бойынша теориялық білім беру, суда әртүрлі төтенше жағдайлар туындаған кезде оларды дұрыс және жедел іс-қимыл жасауға үйрету. Оқытылғандардың жалпы қамтылуы 30 мыңнан астам оқушыны құрады.

Оқыту жұмыстары барысында оқушыларға облыс аумағында су айдындарында орын алған оқиғалар туралы баяндалып, кішкентай балалардың абайсызда және ересектердің дұрыс қарамауына байланысты қаза болғандығы айтылды. Мамандар судағы қауіпсіздік ережелерін кеңінен тоқталып өтті.

Өз кезегінде құтқарушылар алғашқы медициналық көмек көрсету әдістерін көрсетіп, өзімен бірге жеке құтқару құралдарын алып жүруге ұсыныс берді. Сондай-ақ судағы қауіпсіздік ережелері туралы жаднамалар таратты.

Leave A Reply

Your email address will not be published.