Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 25-27 мамыр аралығында ауа райы қандай болатынын айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА «Қазгидромет» РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Мамандардың айтуынша, солтүстік және шығыс өңірлерде үсік жүреді.
«Республиканың оңтүстігінде күндіз ауа плюс 28…33 градусқа көтерілетін болса, солтүстік және шығыс облыстарда түнде 3 градусқа дейін үсік сақталады. Бұл Қазақстанның солтүстік аймағына Ресейдің еуропалық территориясының солтүстігінен және Оралдан ылғыл және суық ауа массаларының келуімен байланысты, ал оңтүстік аймақтарға Орталық Азиядан жылы ауа массалары келеді», — делінген хабарламада.