Мойынқұм ауданында індеттің алдын алу бағытында жұмыс жасауға арнайы 3 мониторингтік топ және округтерде 15 топ құрылған , — деп хабарлайды “ZhambylNews” ақпараттық агенттігі.
Мониторингтік топпен 145 объектіге тексеру жүргізіп, 29 объектіден бұзушылықтар анықталып, 21 объектімен түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, ескерту берілді. 4 нысанға хаттама барлығы 333360 теңгеге айыппұл салынды.
Аудандық мониторингтік топ күндіз және түнгі рейдттерді қарқынды жүргізуі нәтижесінде бүгінде халық бетпердемен жүруге, той томалақ жасамауға, және көпшілік жерлерде топтап жүрмеуге дағдыланған.