Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың «Асарлатып үй салу» жобасы аясында Жамбыл ауданы Ащыбұлақ ауылында асарлатып үй салып бастаған болатын. Қазіргі таңда құрылыс аяқталуға жақын, деп жазады “ZhambylNews” ақпарат агенттігі.
Ауылдық ардагерлер кеңесі күні кеше ауылдың басын қосып, көпбалалы тұрғынды өзара анықтап, үй салуды қолға алған болатын. 144 (12×12) шаршы метрді құрайтын баспананың еңсе тіктеуіне жергілікті кәсіпкерлер мен тұрғындар атсалысып, ауыл жігіттері кезекті ауысыммен құрылыс жұмыстарын жүргізді.
Сондай-ақ, ауыл әкімі Самат Селеубаев жергілікті округтен техникалар жұмылдырып, инфрақұрылымын жүргізіп берген.
Үй құрылысының жұмысы 95% аяқталса, жұмсалған қаражат 9 млн теңге болып отыр. Ауыл әкімі Самат Апсадықұлы бірлесе салынған үйдің кілтін иесіне 15 қыркүйек күні салтанатты жағдайда табыс етеміз дейді. «Үлгілі ауыл» байқауына еңген ауыл көп ұзамай жақсы жаңалықпен толығатын айта кеткен жөн.