Талас ауданында мал басы артқан. Бұл туралы «ӨКҚ» алаңында өткен брифингте Талас ауданының әкімі Бақыт Қазанбасов айтты, — деп хабарлайды «ZhambylNews» ақпарат агенттігі.
Ауданда ағымдағы жылдағы мал басы мүйізді ірі қара 29019 бас, қой-ешкі 413528бас, жылқы 11790 бас, түйе 2477 бас, үй құстары 35835 басты құрап отыр. Бұл көрсеткіштер өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ірі қара 102,2%, қой-ешкі 100,4%, жылқы 104,6%, түйе 100,1%, үй құстары 103,5%орындалды. Өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда ет 101,7%, сүт 102,7%, жұмыртқа 100,8% орындалды.
Бұқашық өткізу бойынша қаңтар-сәуір айларына жоспар 68 бас болса, орындалуы 100% құрап отыр.
— «Сыбаға» бағдарламасы бойынша «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ, «Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС арқылы 5 шаруақожалығының 2679 бас мал алуға берген өтінімі мақұлданып осының ішіндегі 3 шаруа қожалығы– 74,0 млн. тенге несие алып, 1850 бас қой малын сатып алды. Облыстың берген тапсырмасы қойдан әзірге жылдық жоспар (5000 бас) 46,3 %-ға орындалып отыр. Сонымен қатар,«Аулие-Ата» несие серіктестігі ЖШС-не 3 шаруа қожалығы 37,2 млн. тенге 930 бас қой малын сатып алу үшін құжаттарын өткізді, — дейді аудан әкімі.
Сондай-ақ, ауданда «Агробизнес» бағдарламасы арқылы 2 шаруа қожалығы 57,75 млн.тенге несие алып, 125 бас ірі қара, 405 бас қой алған. «Іскер» бағдарламасы арқылы 1 шаруа қожалығы 4,5 млн.тенге несие алып, 150 бас қой малын сатып алды.