Егемендігіміздің 30 жылдығына орай Жамбыл ауданындағы Бесжылдық ауылының атауы мемлекеттік Тудың авторы Шәкен Ниязбековтің есіміне өзгертіліп, күре жолдың бойынан қоғам қайраткеріне арналған обелиск пен саябақ ашылды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» Ақпараттық Агенттігі.
23 метр биікте жалауы желбіреп тұрған саябақ ауылға кіреберістегі «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» жолының бойында орналасқан. Бұл – жерлесімізге деген құрметтің көрінісі.