«Тараз» ӘКК аудандағы өкілдері негізсіз жалақы алып келген. Осы және өзге де кеткен кемшіліктер «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының есебінде белгілі болды. Мекеменің жұмысы көңіл көншітпейтінін айтқан облыс әкімі басы жақсы басталған пилоттық жобаның жүйесіз қалуы, сол мақсатта бөлінген қаржыны жұмсаудағы олқылықтардың орын алуы сияқты келеңсіздіктерді сынға алды , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
– «Тараз» ӘКК» АҚ-ның негізгі мақсаты – инвестиция тарту. 10 аудандағы өкілдеріңіз бұл үдеден шықпақ түгілі, негізсіз жалақы алып келген. Ал, пилоттық жоба аясында бұған дейін облыс бойынша 11 ауылдық округке 45 мың бас мал әкелінген. Бүгінде солардың нақты саны қанша? Пилоттық жоба аясында жұмыссыздардың саны азайды ма? Бір жарым жылдан бері тиісті талдау жұмыстары жүргізілмеген, – деді Б.Сапарбаев.
Осы және өзге де кеткен кемшіліктер «Тараз» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының есебінде белгілі болды. Мекеменің жұмысы көңіл көншітпейтінін айтқан облыс әкімі басы жақсы басталған пилоттық жобаның жүйесіз қалуы, сол мақсатта бөлінген қаржыны жұмсаудағы олқылықтардың орын алуы сияқты келеңсіздіктерді сынға алды.