Өтініш жазушылар «Қазақстан халқына» қорынан той жасауға көмек сұраған

2 78

Өтініш жазушылар «Қазақстан халқына» қорынан той жасауға көмек сұраған. Қаңтар оқиғасынан кейін ашылған қорға 115 млрд теңге жиналған еді. Тұрғындардан өтініш қабылдау басталғалы бері сайтқа 13 мыңнан астам өтініш түскен. Олардың ішінде баспана мен көлік сатып алу, несие және басқа да қарыздарды төлеп берумен қатар, отбасылық іс-шаралар мен мерекелік шаралардың қаражатын өтеу туралы да өтініштер бар.

Сондықтан да, қордың ресми өкілі Әлібек Әділов мұндай өтініштер қанағаттандырылмайтынын айтты: «Қордың қызмет бағыттарын қамқоршылық кеңес бекітті, ал басқа салалар қор қызметіндегі басым бағыттарға жатпайды. Сондай-ақ, біз азаматтардың қаржылық проблемалары болуы мүмкін екенін түсінеміз. Алайда бұл мәселелердің барлығын Қор шеше алмайды. Сондықтан тұжырымдамада көрсетілген қызмет бағыттарын мұқият оқып шығуыңызды сұраймыз», — деді ол.

2 Comments
  1. Данира says

    Көмек бере аласыздарма

  2. Сауле says

    Салеметсизба.5микрокредит
    2евразия,2каспий,1альянс бар

Leave A Reply

Your email address will not be published.