Ағымдағы жылдың қаңтар айының басында орын алған жаппай тәртіпсіздіктер барысында ұрланған қаруды анықтау мақсатында Меркі ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру жұмыстарын тұрақты негізде жүргізуде , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.
10-11 ақпанға қараған түні Жаңатұрмыс ауылының 19 жастағы тұрғынының тұрғылықты жері бойынша тінту жұмыстарын жүргізу кезінде үй маңындағы аумақтан жерге көмілген пакеттер табылды. Тексеру жұмыстары барысында пакеттерден «Калашников» маркалы 1 бірлік автомат, 3 бірлік травматикалық газ тапаншасы, автоматқа арналған 76 патрон және тегіс ұңғылы аңшылық қаруға арналған 26 патрон табылып, тәркіленді.
Ұсталған азамат өз кінәсін толық мойындады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сонымен қатар сот-баллистикалық сараптамасы тағайындалды.
Жамбыл облысының Полиция департаменті қарудың, оқ-дәрілердің, арнайы құралдардың орналасқан жері туралы хабарлаған немесе оны полицияға өз еркімен тапсырған тұлғаның қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтынын тағы да ескертеді. Анонимділікке кепілдік беріледі.
Егер сізге ұрланған қару-жарақ, оқ-дәрілер және арнайы жарылғыш құралдар туралы ақпарат белгілі болса, «102» тетігіне қоңырау шалыңы