«Қант қоры таусылады» деген ақпарат шындыққа жанаспайды

0 32

Кеше АШМ және СИМ хабарлағандай, бүгінгі күні елде қант тапшылығы жоқ. Сауда желілері мен тұрақтандыру қорларында бұл әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының қоры кемі үш айға жеткілікті. Сонымен қатар қант өндірісі жалғасып жатыр, тоқтамайды! Қор толтырылып отырады. Яғни «үш айдан кейін қор таусылады, қант тапшылығы болады» — деген ақпарат шындыққа жанаспайды.

Елдегі қант өндірісінен бөлек, өзге елдерден импорттау мүмкіндігі бар. Сондықтан ажиотажға ерік бермеуге шақырамыз.

Әлішер Өмірзақ, ҚР Сауда және интеграция министрлігінің ресми өкілі

Leave A Reply

Your email address will not be published.