МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНА ҚҰЖАТТАР ҚАБЫЛДАУ ЖҮРІП ЖАТЫР

0 8

Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясына магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға түсу үшін құжаттар қабылдау басталды. Онда кемінде 2 жылдық еңбек өтілі бар барлық мемлекеттік қызметшілер оқи алады. Ал мемлекеттік қызметші емес, ел және шетел азаматтары жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары негізінде ақылы түрде білім алады.

Бұл туралы ӨКҚ баспасөз брифингінде академияның Жамбыл облысы бойынша филиалының директоры Рауан Садырқұлов айтты , — деп хабарлайды «ZhambylNews» АА.

Құжаттар қабылдау 1 наурыздан 23 шілдеге дейін академияның ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асады екен. Мамандар даярлау үшін мемлекеттен магистратураға 120 грант, докторантураға 12 грант бөлінген. Білім беру бағдарламаларының толық тізімі мен негізгі талаптарды www.apa.kz сайтынан көруге болады. Ағылшын және іскерлік қазақ тілі бойынша сертификаттары жоқ үміткерлер де осы ақпараттық жүйеде PIPPLET және Qazaq Resmi Test тесттерін тапсыруға жазыла алады. Сондай-ақ Pre-sessional курстарында оқу мүмкіндігі бар», — деді Рауан Нұрғалиұлы.

Ол брифингте академияға оқуға түсетін мемлекеттік қызметшілер үшін көптеген бонустар мен мүмкіндіктер бар екендігін атап өтті.

Leave A Reply

Your email address will not be published.