Бейнеконференциялық байланыс арқылы өткен Жамбыл облысы әкімдігінің қоғамдық кеңесінің отырысында Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті облыстың сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің картасын таныстырды ,- деп жазады «ZhambylNews» АА.
Ведомствоның алдын алу басқармасы бастығының орынбасары Ербол Бақтықожаевтың айтуынша, карта жұмысты жоспарлау тетіктеріне де, бақылауға да жүйелі көзқарасты талап ететін өңірдегі әлеуметтік маңызы бар проблемалар негізінде әзірленген.
– Карта халықтың әл-ауқатын арттыруда рөл атқаратын салаларды қамтиды: жолдар мен инфрақұрылым, экономика және қаржы, жер пайдалану, құрылыс және тұрғын үй құрылысы, сондай-ақ олигополия. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларының тиімділігін айтарлықтай арттырады», — деп түсіндірді спикер.
-Қоғамдық кеңес сыбайлас жемқорлық тәуекелдер картасында көрсетілген бағыттарды қолдайды және сыбайлас жемқорлықпен күресте көмек көрсетуге дайын», — деді қоғамдық кеңес төрағасы Марат Әбдірайымов.
Жиын барысында салынып жатқан, бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын нысандарға, әсіресе, аудандардағы білім беру мекемелеріне қоғамдық бақылауды күшейту бойынша көптеген ұсыныстар айтылды.
Отырыс нәтижесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу туралы шешім қабылданды.